Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте теннистен челленджер турнирі басталды

2022 жылдың 15 мамыр 2022 11:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында Beeline Challenger 80 сериясы бойынша екінші турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтуде.

Қазақстандықтардан алғашқы болып кортқа шыққан Никита Сидоров үндістандық Арджун Кадхеге жол берді – 4:6, 1:6. Енді А.Кадхе іріктеу сайыстарының финалында тағы бір қазақстандық Григорий Ломакинмен шеберлік байқасады. Қай жеңгені негізгі жарысқа жолдама алады.

Бүгін сондай-ақ іріктеу сайыстарының жартылай финалында Тимур Мәуленов италиялық Маттео Донаттиммен, Роман Коновалов америкалық Эван Жумен өзара мықтыны анықтайды.

Негізгі турнирде қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Денис Евсеев алғашқы матчын америкалық Улис Бланшпен өткізеді.

Жарысқа арнайы шақырту алған Достанбек Ташболатов румыниялық Филипп Кристиан Жиянумен, Бейбіт Жукаев іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.

Кеше Beeline Challenger 80 бойынша Шымкентте осындай дода аяқталған болатын. Жекелей сында финалда германиялық Себастьян Фаншелоуды 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтқан америкалық Эмилио Нава чемпион атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің халықаралық турнирлерде чемпион атанғанын, Андрей Голубевтің Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмай қалғанын жазған болатынбыз.





Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай