Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте  «СПУТНИК V» вакцинасын салудың екінші кезеңі басталды

2021 жылдың 22 ақпан 2021 22:33

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды.

Вакцинация шаһардағы төрт екпе бекетінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырды.

«1-19 ақпан күндері аралығында «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасын салуды аяқтадық. Күні кеше бізге тағы 1000 доза вакцина жеткізілді. Бүгін таңертең төрт емханаға вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін екпе алғандар екінші дозасын алуы қажет. Бүгін мен өзім екінші дозасын алдым. Қазір жағдайым жақсы», - дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қалаға жеткізілген «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын коронавирус инфекциясымен қауіпті аймақта жүрген медицина қызметкерлері алуда. Мұнан кейін жоспар бойынша өз еркімен келісім берген мұғалімдер мен полицейлерге салынбақ.


Жоғары қарай