Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте, ШҚО, Түркістан және Қарағанды облыстарында төтенше жағдай аяқталды

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 15:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды Ақорда.

«Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген Президент жарлығында.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қарағанды облыстарында да дәл осылай арнайы жарлықпен төтенше жағдай тоқтады.


Жоғары қарай