Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте пәтерде қамалып қалған 4 бала құтқарылды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 14:53

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте пәтер есіктерін іштен жауып аша алмай қалған балалар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД құтқару қызметінің мәліметінше, Оқиға бүгін сағат 12:06-да көпқабатты үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жеткен мамандар пәтерлердің бірінде ересек адамдардың қарауынсыз қалған 3 бүлдіршіннің есікті аша алмай отырғанын анықтайды. Олар тиісті аспаптардың көмегімен есікті сыртынан ашқан.

Сондай-ақ, осыған ұқсайын тағы бір оқиға болды. 2 жасар бала пәтердің есігін ішкі жағынан жауып, аша алмаған. Оған қоса анасы газ плитада тамақ дайындалып жатқанын айтқан.

Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, баланы аман-есен анасына тапсырды.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Жоғары қарай