Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте өртенген ғимараттан мәйіт табылды

2022 жылдың 24 мамыр 2022 14:45

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте өртенген ғимараттан мәйіт табылды. Марқұмның денесі толықтай жанып кеткендіктен, тұлғасын анықтау мүмкін болмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 21:45-те Тәуке хан даңғылы бойындағы ғимараттардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бос тұрған екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында ағаш жабындысы отқа оранғанын анықтаған. Жалын 200 шаршы метр аумақты шарпып кеткен.

«Ғимараттың бірінші қабатындағы өрт 22.17-де оқшауланып, 22.27-де толық сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде табылған мәйіттің жеке басы анықталу үстінде. Өрттің шығу себебін Шымкент полициясы анықтап жатыр», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай