Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Шымкентте оқушылары жаппай уланған мектепте сабақ уақытша тоқтатылды

2019 жылдың 19 наурыз 2019 12:16 578

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте оқушылары жаппай уланып қалған мектепте сабақ уақытша тоқтатылды. Аталған білім ұясына барған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық білім бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сабаққа келген оқушылар үйлеріне қайтарылған. Ал, иістен уланып, медициналық көмекке  жүгінген 45 адамға дер кезінде көмек көрсетілген.

Айта кетейік, кеше Ынтымақ ықшамауданындағы N54 мектепте оқушылар мен мектеп қызметкерлері жаппай уланып, токсикологиялық ауруханаға түскен болатын. Емдеу мекемесіне түскен балаларда бас айналу, құсу және қысқа уақытқа естен тану белгілері болған. Бастапқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін барлығы үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта ауруханаға ешкім жатқызылмаған. 

Ал, бүгін еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бұл жағдайға мектептен 600 метр қашықтықта орналасқан тарату стансасынан шыққан табиғи газ себеп болғанын атап өтті. Артынша Шымкенттің газ қызметі газдың таралуын дер кезінде жойды. Сол сияқты сараптама орталығының  мамандары стансаның және мектептің аумағында зиянды заттардың бар-жоғына бақылау зерттеу жүргізіп, зиянды заттарды таппаған. 

 

 

 

Автор: Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Білім, Әкім, Оқиға,
Жоғары қарай