Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте МӘМС  жүйесін түсіндіру шаралары жалғасуда

2019 жылдың 13 желтоқсан 2019 23:14

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін түсіндіру шаралары жалғасуда.

Қаладағы денсаулық сақтау саласындағы жаңа өзгерістер мен медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық барысы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихатына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров пен Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, медицина ғылымының докторы, профессор Құралбай Құрақбаев қатысты.

Брифингте сөз сөйлеген Камалжан Надыров ел тұрғындарының денсаулығын жақсарту, яғни міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы басты назарда екенін атап өтті. Бұл салаға бөлініп жатқан қаражат 42 млрд теңгеден 60 млрд теңгеге дейін өскенін атап өтті.

Оның сөзінше, қалада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 667 688 азамат қамтылған. Қала аумағында орналасқан 18 ірі кәсіпорынның базасында емханада бекітілген кестеге сәйкес МӘМС ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Осы орайда жыл басынан бері тіркеуде тұрған, бірақ статусы жоқ 28 мың адам нақтыланған. Оның ішінде 13 мың адамның арнайы дәрежесі анықталып, қазір қалған 15 мың азаматты статусына сай қайта тіркеуге алу жұмыстары жалғасуда.

«Алдымызда тұрған басты мақсат – азаматтарға сапалы қызмет көрсету. Қаңтар айынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілетіні белгілі. Осы бағытта денсаулық сақтау басқармасында бағыттар айқындалып, жүйелi жұмыс жүргізілуде. Қаламыздың ауруханаларына тағы қосымша жаңа 3-4 компьютерлік томография аппаратын алғалы отырмыз», - деді басқарма басшысы А.Байдувалиев.

Брифингте сонымен қатар, қаланың Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бекітілген жоспар бойынша 375 кәсіпорын мен 35 базар және 10 сауда орталығында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Медицина, Шымкент,
Жоғары қарай