Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте қыз ұзатуға жиналған 100-ге жуық қонақ үйіне қайтарылды

2020 жылдың 26 қараша 2020 10:47

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «777 (7 бочек)» мейрамханасында қыз ұзату тойы ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға шақырылмай кіріп барған тәртіп сақшылары жиында 100-ге жуық адамның болғанын анықтаған.

Полицейлер аталған жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырды.

Жинақталған іс-құжаттар санитариялық-эпедемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Шымкенттік полицейлер тұрғындарды карантин кезінде заң талабына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады.

Айта кетейік, карантин режимі енгізілгелі бері Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы құрылған мобильді топ жалпы 910 құқықбұзушылықты анықтаған.


Жоғары қарай