Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте ковидтен көз жұмғандар вакцина қабылдамаған - басқарма басшысы

2021 жылдың 21 шілде 2021 21:28

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте эпидемидемиялогиялық ахуал күннен-күнге күрделеніп келеді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың бас дәрігерінің сөзінше, шаһарда жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 240 адам адам қайтыс болған. Ал, қауіпті инфекция жұқтырып көз жұмғандардың ешқайсысы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған.

«Өткен тәуліктің өзінде ковидке шалдыққан 412 науқас анықталған. Қазір инфекциялық стационарда 1774 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 166 науқас жан сақтау бөлімінде жатса, 64-нің жағдайы ауыр халде», - дейді Б.Позилов.

Қазір қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған үш мыңға жуық төсек-орын бар. Эпидемиялогиялық жағдай өршуіне байланысты инфекциялық төсек орындар саны күннен-күнге саны көбейтілуде. Жалпы жыл басынан бері ковид жұқтырған 13 109 науқас тіркелген.


Жоғары қарай