Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқастың жетісайлық зейнеткер екені анықталды

2020 жылдың 15 сәуір 2020 20:51

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі ауруханада коронавирустан көз жұмған науқас жетісайлық зейнеткер екені анықталды.

Бұл туралы кезекті брифингіде қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айгүл Бекбауованың айтуынша, 1954 жылы туған зейнеткердің жағдайы ауырлаған соң санитарлық авиациямен Шымкентке жеткізілген.

«Жетісай қаласының тұрғыны аудандық аууханада коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыста болған. 1-ші сәуір күні бұл ер азаматтың қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. 4-ші сәуір күні жағдайының нашарлауына байланысты ол Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Онда түскен кездегі жағдайы ауыр болғандықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Зейнеткердің сондай-ақ, өзге де вирустық геппатит, қант диабеті, бауыр церрозы, созылмалы панкреотит секілді қосалқы аурулары болған. Науқасқа барлық емдеу шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңестер өткізілді. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан ол бүгін сағат 15:00-де қайтыс болды»,- деді Айгүл Бекбауова.


Жоғары қарай