Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте көпқабатты үйден өрт шықты

2020 жылдың 24 қараша 2020 00:21

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын бесінші қабаттағы пәтердің балконына өтіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама кеше сағат 21:48-де түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімдері төртінші қабаттағы пәтердің ішінде үй заттары мен балконы өртке оранғанын анықтады. Тілсіз жауды ауыздықтауға 23 адам және 6 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған. Олар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, жалынды толықтай сөндірген.

«Жалпы, өрттің көлемі 21 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер өртті 22:04-те оқшаулап, сағат 22:12-де толығымен сөндірді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген хабарламада.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Жоғары қарай