Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте қонақүйлердің бірінде емін-еркін жүрген арыстан зообаққа өткізілді

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 14:30

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде қыдырып жүрген арыстанды полицейлер зообаққа өткізді. Жыртқыш аң бір тәулік ішінде еркіндікте жүргені анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, арыстанды іздеуге Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, оның жүруі мүмкін барлық жерлерді тексеріп шыққан. Тұрғындардан сұрастырып, олар да полицияға жан-жақты көмек көрсеткен. Бірлескен іс-әрекеттердің нәтижесінде арыстанның жүрген жері анықталып, хайуанаттар бағының қызметкерлеріне тапсырылды.




Еске салайық, бұған дейін «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде азаматтардың қонақ үйде арыстан көргені туралы бейнежазба жарияланған болатын.

«Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда» делінген хабарламада.


Жоғары қарай