Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте көліктен денесін шығарып серуендеген түлектер кортежі жазаланды

2022 жылдың 26 мамыр 2022 10:01

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер жол ережесін бұзған көлік кортежін жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында бірнеше видео анықталды, онда түлектер мінген кортеждер жол қозғалысы ережесін бұзған.

Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметі Hundai Accent, Toyota Land Cruiser және Toyota Camrу автокөліктерінің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 590, 593 және 606 баптары бойынша жауапкершілікке тартты.

Жалпы, 25 мамырда Шымкент қаласының патрульдік полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 132 жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты.

Оның ішінде 10 автокөлік айыптұрағына қойылды.

Полицейлер жүргізушілерден өзінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.


Жоғары қарай