Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте кезекті рейд барысында 4 мыңнан аса  құқықбұзушылық анықталды

2021 жылдың 29 мамыр 2021 18:35

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өткізген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 4226 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды. Шара барысында көлікті мас күйде басқарған 26 адам анықталып, 258 жүргізушінің көлігі техникалық байқаудан өтпегені белгілі болған. Рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген 25 тұлғаға хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жүргізушілердің жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпайтыны және рульді басқару кезінде ұялы телефон пайдаланатыны анықталған. Маневр ережесін бұзып, қозғалыстың қарсы жолағына шыққандары да әкімшілік жазаға тартылды. Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен 207 және жаяу жүргіншіге басымдық бермеген 206 жүргізуші де айыппұл төлейтін болды. Рейд кезінде жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өткен 657 адамға да әкімшілік шара көрілген. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді. 162 көлік айып тұрағына қойылды.


Жоғары қарай