Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте қарлы бораннан электр желілері үзіліп, 18 елді мекен жарықсыз қалды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 14:44

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қарлы бораннан электр желілері үзіліп, 18 елді мекен жарықсыз қалды. Түнде сөнген жарықты мамандар әлі күнге қосып үлгермей жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық әкімдігінің мәліметінше, электр жүйесінің диспетчерлік жедел қызмет көрсету бөлімі күшейтілген кестеде жұмыс жасауда. Таңнан бері 34 авариялық жағдай тіркеліп, сағат 11:00-ге дейін оның 11-і қайта іске қосылған. Қалған оқиға орындарында жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Электр желілерін қосуға 22 бригада, 50 адам жұмылдырылған. Қаладағы бірқатар көшелерде бағдаршамдар сөніп, кептелістер туындаған. Жекеменшік үйлердегі пештер электр желісіне қосылатындықтан көбісі жылусыз қалған. Ал, Абай ауданында қар тазалау жұмысы екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Коммуналды қызметтер таңғы сағат 04:00-ден бастап қарқын алған. Ауданның жолдарын, жаяу жүргіншілер жолын, алаңдары мен басқа да қоғамдық орындарды қардан тазалауға 27 арнайы техника және 171 адам жұмылдырылды. Коммуналдық қызметшілер 258 ауланы 11 бағыт бойынша қардан тазалау жұмысын жалғастыруда. Еңбекші ауданында қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдар мен қиылыстарға мұзды ерітетін материалдар себілген, жаяу жүргіншілер жолы қардан тазалануда. Бұл жұмыстарға 8 коммуналдық мекемеден 76 техника мен 250-ден астам жұмысшы тартылды. Ал аудан әкімдігі тарапынан қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылып отыр.


Жоғары қарай