Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

2020 жылдың 24 қазан 2020 14:38

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі биылғы 9 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 24 қазандағы қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының жалғасуына байланысты қалада карантин және шектеу шаралары 9 қараша күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Өңірде адамдардың қатысуымен спорттық, салтанатты және еске алу шараларын, форумдар мен конференцияларды өткізуге тыйым сақталады.

Сондай-ақ цирк, караоке, бильярд және компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық нысандардағы балалардың ойын алаңдары, батуттар, фудкорттар, мен букмекерлік кеңселердің қызметіне рұқсат жоқ.

Қаулының толық мәтіні.


Жоғары қарай