Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте карантин кезінде компьютер клубы істеп тұрған

2020 жылдың 15 тамыз 2020 16:23

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте карантин кезінде жасырын жұмыс істейтін ойын орындары азаймай тұр. Осындай орынның бірі Абай аудандық полиция қызметкерлері жүргізген рейд кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Тельман бөлімшесіндегі Сыпырған ата көшесі бойында орналасқан «PS на районе» компьютер клубы карантин шектеуіне қарамастан жұмыс істеп келген. Тәртіп сақшылары ойынхана әкімшісінен түсініктеме алып, осы жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармақшасы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша әкімшілік жауапқа тарту туралы шешім қабылдаған.

«Барлық жинақталған іс-құжаттар Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына процессуалды шешім қабылдау үшін жолданған» делінген хабарламада.


Жоғары қарай