Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Шымкентте іскер әйелдер алдағы президент сайлауын талқылады

2019 жылдың 23 сәуір 2019 18:02

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында іскер әйелдер қауымдастығының алдағы сайлауға арналған кездесуі өтті. Басқосуға қауымдастық төрағасының орынбасары Дигай Таисия мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кеңесінің төрағасы Алма Архабаева, «Фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау бірлестігі» директоры Хадиша Әлжанова мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысты Шымкент қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Эльмира Созақбаева ашып, басқосуға жиналудың маңызына тоқталды. Жиында елімізде кезектен тыс президент сайлауын өткізу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесі сөз болды. Кездесу барысында бизнестегі нәзік жандар Тұңғыш Президент - Елбасының ел іргесін бекіту мен қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдады. Халықтың әл-ауқатын арттыру жолында жасаған еңбегіне лайықты баға беріп, болашақ президенттің де осы сара жолды жалғастыруға лайықты тұлға болғанын қалайтынын білдірді.

«Біз тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болдық. Қазақстан билігінің ауысуы - елдің татулық пен берекеден айырылмаған, бірлігі бекем әрі тыныштық сүйгіш мемлекет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауын уақыт оздырмай, 9 маусымға белгілеуін іскер әйелдер де құптайды», -деді Шымкент қалалық іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Таисия Дигай.

Жиын соңында Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері бірауыздан кезектен тыс сайлаудың өтуін қолдайтынын білдірді.




null

Жоғары қарай