Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы басталады

2020 жылдың 23 қазан 2020 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкентте аудан әкімдіктері «Халық қатысатын бюджет» жобасын қолға алған болатын, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің бакспасөз қызметі.

Шымкент қаласында осы жобаның басталуы бойынша қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов баспасөз брифингін өткізді.

Аудан әкімдіктері деңгейінде ұйымдастырылып жатқан «Халық қатысатын бюджет» жобасы пилоттық режимде осыған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асырылған еді.

Рахымберді Жанысбекұлының айтуынша, жобаны Шымкент қаласында іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгінде 4 аудан әкімдігі тарапынан халық қатысатын бюджетті әзірлеудің Ережелері мен Сараптамалық кеңестердің құрамы бекітілді. Сонымен қатар, жобаны іске асыру үшін open-Shymkent.kz арнайы интернет-ресурсы әзірленді.

– Ертеңнен бастап тұрғындардан өтінімдер, ұсыныстар қабылданады. Жалпы жобаны жүзеге асырудың 3 кезеңі бар. Біріншіден, сайт арқылы тұрғындардан ұсыныстар жинақталады. Яғни, тұрғындар аудан әкімі аппараты құзыретіне кіретін салалалар бойынша талап-ұсыныстарын жіберуіне мүмкіндігі бар. Аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, т.б., мәселелер бойынша ұсына алады. Жобаға ауданда тіркелген кез келген азамат қатыса алады, – деді басқарма басшысы.

Жобаның талаптарына сәйкес, екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар 2021 жылы аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады.





Жоғары қарай