Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте эпидахуал күрделеніп тұр

2021 жылдың 17 сәуір 2021 12:18

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық — эпидемиологиялық жағдай әлі күрделеніп тұр. Өткен тәулікте 121 адам коронавирус жұқтырса, 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, індет жұқтырғандардың арасында 81 адамнан ауру белгілері анықталған. Сондай-ақ, 87 адам үй бақылауына алынған. Денсаулық сақтау басқармасы шаһардың «қызыл аймақта» екенін және Covid-19 жұқтырушылардың саны күннен күнге артып отырғанын айтуда. Сондықтан мамандар барлық қала тұрғындарынан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, барынша үйден шықпауға шақырады. Инфекцияға қарсы вакцина алуға кеңес береді.

Айта кетейік, соңғы тәулік ішінде қалада 9462 адам вакцина алған. Бірінші компонентін 9215 адам алса, 247 адам екінші компонентін салдырған. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 55 868 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6742 адам вакцинаның екі компонентін алған.


Жоғары қарай