Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 12:45

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 4 желтоқсанда Шымкент қаласында Темірлан тасжолы бойында кәмелетке толмаған екі жасөспірімді көлік қақты, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жасөспірімдердің біреуі алған жарақатынан қайтыс болды. Ал екіншісі Шымкент қаласындағы медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілді.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады.

Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Шымкент,
Жоғары қарай