Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте дезинфекциялаудан кейін бір үйдің төрт баласы ауруханаға түсті

2020 жылдың 14 тамыз 2020 11:53

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көрші пәтерге дезинфекция жасалғаннан кейін бір үйдің төрт баласы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«Қалалық гипербологиялық оксигинация орталығының» токсикологиялық бөліміне 13 тамызда сағат 01:45-те «белгісіз затпен улану» алдын ала диагнозымен Әл-Фараби ауданында Қ.Рысқұлбеков көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінен 4 бала жатқызылды. Олар 7 жастағы және 3 жастағы, сондай-ақ 6 жастағы екі бала. Қазіргі таңда олардың жағдайы орташа», делінген хабарламада.

Балалардың ата-анасы пәтер жалдап тұрады. Ата-ананың айтуы бойынша көрші пәтерде тұратын тұрғындар дезинфекциялық жұмыс жүргізген.

«Оқиға орнына Шымкент қалалық ТЖ департаментінің қызметкерлері барды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтаумен Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті айналысады», делінген хабарламада.


Жоғары қарай