Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда

2020 жылдың 6 шілде 2020 18:45

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу бойынша мониторинг жұмыстарын өзі бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ шаһар басшысы, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендерге қатаң шара қолданылатынын да атап өтті.

«Қалада 730 дәріхана бар. Оның 60%-ы ірі, қалғаны – шағын дәріханалар. Аталған дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу қоры жеткілікті. Осы орайда дүрлігіп, рецептсіз босатылатын дәрілерді тым артық сатып алып жатқан қала тұрғындарын сабырға шақырамын! Бүгінде біздің мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Сол себепті жағдайды қалыпты деңгейде ұстаймыз», - деді қала әкімі.

Мұрат Әйтенов тұрғындарды қажетті препараттармен қамтамасыз етуде жауапты мамандарға дәрі-дәрмектердің қоймадан қанша алынып, қаншасы дәріханаларға жеткізілгеніне дейінгі жұмыстардың барлығына сараптама жасап отыруға тапсырма берді. Ал, тұрғындарға қала дәріханаларынан дәрі жетіспеушілігін байқаса 109 (ikomek) сенім телефонына қоңырау шалуына болатынын жеткізді.


Жоғары қарай