Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте бұзақылар жедел жәрдемге жеті рет шабуыл жасаған

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 17:21

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылар жедел жәрдем көліктеріне тас атып, жолын бегеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтардың 4 және 5 күндері жедел жәрдем қызметіне жүгінгендер көп болған. Дегенмен, шақыртуларға жолға шыққан көліктерге бұзақылар тас атып, жолын бөгеген.

Тіпті ішіндегі фельдшер қызды жұлқылап, күш көрсете бастағанда әріптестері араша түсіп аман алып қалыпты.

«Сол күні шақыртушылар саны көп болды. Сондықтан, диспетчерлерді көбейттік. Мемлекеттік маңызды нысан болғандықтан 103 саll-орталық орналасқан нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. 4 қаңтар күні екі бригадаға шабуыл жасалды. Ал, 5 қаңтарда 5 шабуыл болды. Жалпы 6 автөкөлігіміздің терезелері сынды. Бір фельдшердің иығына тас тиді», - деді Шымкент қаласы жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.

Ал, жедел жәрдем қызметінің дәрігері Мақсат Мылтықбаев 5 қаңтар күні кезекшілікке түскен.

Жаппай тәртіпсіздік орын алып жатқан аймақтан қашып, адам жоқ жерлермен жүрген.

Байланыс болмағандықтан бригадалар рациямен жұмыс істепті.

«Науқастарға жетуде кешігулер болды. Көлік артында отырғанда тас тиіп көлік терезесі қирады. Ал, өзіміз аман қалдық» - дейді ол.


Жоғары қарай