Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте бургер орталығы өртенді

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 01:02

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте көпқабатты үйдің астындағы «Бақыт бургер» жедел тағам дайындау орталығы өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кешкі сағат 19:38-де Республика даңғылындағы орталықтан шыққан. Өрттің жалпы аумағы 180 шаршы метрді құрап, оқиға орнына қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 30 адам және 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, электр қуаты ажыратылған.

«Өрт сағат 20:24 толықтай сөндірілген. Жалын жалпы аумағы 180 шаршы метрді шарпып, ғимараттың біраз бөлігі жанып кеткен. Қазіргі таңда келтірілген материалдық шығынның көлемі мен өрттің себептері анықталуда» делінген хабарламада.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Жоғары қарай