Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте Азиядағы ең ірі ату спорт кешені салынып жатыр

2020 жылдың 6 тамыз 2020 13:22

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында «SHOOTING PLAZA» ату спорт кешенінің құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың хабарлауынша, аталған кешеннің құрылысы аяқталғаннан кейін Шымкентте ату спорты түрлерінен халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге болады.

«SHOOTING PLAZA» кешені бұрынғы Комсомол көлі ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолына жақын жерде ату алаңы аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 14 гектарды құрайды. Нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. «SHOOTING PLAZA» - жобасы толыққанды жаттығу кезеңін ұйымдастыру және ату спорты түрлері бойынша Әлем чемпионаттары секілді ірі спорттық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Спорт кешені Азия аймағындағы ең ірі ату кешені болады деп жоспарланған. Жобаның құрылысы ату спортын одан әрі дамытуға ықпал етеді.





«SHOOTING PLAZA» құрылысы - Халықаралық спорттық ату Федерациясы мен Азия ату конфедерациясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығының нәтижесі саналады. Айта кетейік, ату спортының жүйріктері Токиодағы XXXIІ жазғы Олимпиада ойындарына алғашқы екі лицензияны жеңіп алған болатын. Бүгінгі таңда ату спорт түрінен Қазақстан ұлттық құрама командасының негізгі құрамының 60% - ын шымкенттіктер құрайды.





Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Құрылыс, Спорт,
Жоғары қарай