Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте әйелді буындырып өлтірген күдікті ұсталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 21:54

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінде әйелді өлтірді деген күдікпен көрші өңір тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттік полицейлер адам өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды

«Биылғы 19 қазанда сағат 12:20-да «102» пультіне Шымкент қаласы 18-шағынауданындағы пәтерлердің бірінен белгісіз әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында оның Түркістан облысының тұрғыны екендігі анықталды. Сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйел буындыру салдарынан көз жұмғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай, күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті де Түркістан облысының тұрғыны болып табылады», - делінген Polisia.kz сайтында.


Жоғары қарай