Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 1 маусым 2020 06:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 маусымда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеожағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Шымкент қаласында ауа ластанып, қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жинақталуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тып-тымық жел, тұман, инверсия) үйлесімін білдіреді. Қолайсыз метеожағдайлар пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасынашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).


Басты сөздер: Экология, Ауа райы, Шымкент,
Жоғары қарай