Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте 7 сынып оқушысы қайтыс болды

2021 жылдың 26 қараша 2021 15:09

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген 7 сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер оқушыға «Жіті өкпе жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі және жүрек бұлшық етенің кеңеюі» диагнозын қойып отыр.

- Дене шынықтыру кезінде бала кенеттен ауырып, тұра алмай қалған. Содан кейін бала диванға жатқызылыпты. Мектеп дәрігері бірден мектеп директорын, баланың ата-анасын хабардар берген. Жүргізілген жедел реанимациялық шараларға қарамастан, жеткіншек қайтыс болды,- дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.

Мамандар жасөспірімнің вакцина алмағандығын айтты. Яғни, ата-анасы вакцина салдыруға қарсы болып, бас тартқан.


Автор Қайрат Зайнишев
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға, Медицина,
Жоғары қарай