Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте 650 млн теңге салықты төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

2021 жылдың 30 қараша 2021 17:08

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 650 миллион теңгеге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Aгенттіктнің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті азамат А.Сазоновтың бюджетке салық төлемеу дерегін анықтады.

«А.Сазонов «Nuclear Engineering» ЖШС басшысы бола тұра, 2017-2019 жылдар аралығында салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген. Сонымен бірге, ол салық салудың басқа объектілерін жасырып, қайта тіркеуі сот жарамсыз деп таныған 11 компаниямен өзара есеп айырысу туралы жалған шот-фактураларды пайдаланды», делінген хабарламада.

Нәтижесінде мемлекетке 657 миллион теңгеден астам мөлшерде төленбеген салықтар түрінде залал келген. А.Сазонов сотталып, одан залал сомасы өндірілді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, салық – бұл мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлем, оның есебінен мемлекеттік аппарат жұмыс істейді, сондай-ақ халықты қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады. Алайда, салық жарналарын төлеуден жалтарып жүрген жосықсыз кәсіпкерлер де бар.


Жоғары қарай