Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуына шектеу қойылады: Жаңа қаулы

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 22:56

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шаралары мен карантин мерзімін ұзартуға қатысты Бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес:

- Аshyq жобасына қатысатын нысандарда (30 адамға дейінгі ас беруді қоспағанда), ашық ауада, жабық үй жайларда, оның ішінде үйде де отбасылық, еске алу іс-шараларын, көпшілік іс-шараларды өткізуге және оған қатысуға тыйым салынады;

- 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылды;

- қоғамдық орындарда және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болғанда бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы қажет;

- аялдамалдарда және қоғамдық көліктерде адамдардың шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте автобустардың саны көбейтіліп, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымтастырылады;

- адамдар көп жиналатын жерлерді, соның ішінде қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, аулалардағы балалар алаңдарын, басқа қоғамдық орындарды, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, карантин аяқталғанға дейін залалсыздандыру күн сайын жүргізіледі.

Білім беру мекемелеріне қатысты:

- жалпы білім беру мектептерінде 1-4 бастауыш сыныптар, халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптар штаттық форматта оқытылады;

- оқушылар саны 600-ге дейінгі мектептер штаттық форматта оқиды;

- оқушылар саны 600-ден жоғары мектептер жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемемен штаттық форматта оқиды;

- ЖОО мен колледждер – аралас форматта жұмыс істейді.

- мектептен тыс ұйымдар штаттық форматта істейді.

Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

Бұдан бөлек, салтанатты ас беру, отбасылық іс-шараларды өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын сауық және өзге де іс-шаралар, көрмелер мен марафондар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар өткізуге болмайды.

Театр мен концерт залы, филармония мен түнгі клубтардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Автор Қайрат Зайнишев
Басты сөздер: Шымкент,
Жоғары қарай