Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкент тұрғыны сүйген қызының картасындағы 2,5 млн теңгені өзіне аударып алған

2021 жылдың 10 қазан 2021 23:44

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент полицейлері ұрлық жасаған азаматтың қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтырақ айтқанда, Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Ол өз арызында, сүйген жігіті оның рұқсатынсыз ұялы телефонындағы «Каспи» қосымшасы арқылы ақшасын алып, 2 500 000 теңге материалдық шығын келтіргенін жазып көрсеткен.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған.

Еңбекші ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ұрланған ақшаны азамат өз қажетіне жаратып жібергенін анықтаған.

Қазіргі уақытта азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғындарға « банк есепшотындағы өзіңізге қатысты жеке құпия сандарды ешкімге бермеңіздер, бейтаныс тұлғаларға сенбеңіздер» деп ескертеді.

Банк картасынан бөлек, жеке куәлік, жалпы құжаттарға аса сақ болуға шақырады.


Жоғары қарай