Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкент полициясының бірқатар басшысы жазаға тартылды

2022 жылдың 12 мамыр 2022 13:52

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық полициясының бірқатар басшысы тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен барған еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларымен кездескен Марат Қожаев полицияның жұмыс атқаруы мен тәртіп жағдайына қатысты бірқатар мәселені сынға алды.

Қалалық ПД бастығы Қайрат Дәлбековке «дер кезінде бақылауға алмағаны үшін» Ішкі істер министрінің бұйрығымен сөгіс жарияланғанды. ПД басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлері жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар себеп болды. Олардың арасында жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы, рота командирі және патрульдік полиция полкінің екі қызметкері және Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бар. Жеке құраммен жұмыс істеу міндетіне кіретін кадр аппаратына қатысты да қатаң шаралар қабылданатын болады.

«Президенттің Жолдауын іске асыру мақсатында полиция қатарында дөрекілікке, сыбайластыққа және тамыр-таныстыққа орын жоқ. Қазіргі таңда біз ішкі істер органдарының адал, әділ, еңбекқор және таза қызметкерлерін қолдаймыз және олардың жұмысы ілгерілеу үшін жағдай жасаймыз. Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және заң үстемдігін орнату – біздің басты міндетіміз», - деді министр орынбасары.



Жоғары қарай