Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Шымкент қаласына ертеңнен бастап кіріп шығуға тыйым салынады

2020 жылдың 30 наурыз 2020 22:40

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте ертеңнен бастап қалаға көліктердің кіріп шығуына тыйым салынады. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына жариялаған үндеуінде бірқатар шектеулер туралы айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Шымкент қаласында індет жұқтырған 2 адам тіркеліп, бір елді мекен карантинге жабылды. Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. Бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр. Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Біріншіден, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Екіншіден, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперде тағу режімін енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті»,- деді Мұрат Әйтенов.


Жоғары қарай