Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымбұлақ шыңынан алты турист құтқарылды

2021 жылдың 19 сәуір 2021 00:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Шымбұлақ шыңынан алты адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 18 сәуірде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне хабарлама келіп түсті. Белгілі туристік агенттіктің үйлестірушісі, ауа райының қолайсыздығынан Шымбұлақ шыңынан (теңіз деңгейінен 3450 метр биіктіктен) өз бетінше түсе алмай жатқан туристік топ туралы айтты»,-дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли

РЖҚЖ жедел тобы, жеке құрамның 7 адамы, соның ішінде кинологиялық есеп оқиға орнына шықты. Жол жүру кезінде құтқарушылар туристердің орналасу орны бар геолокациялық деректерді алды. Шымбұлақ шатқалына жедел автокөлікпен жеткен соң, РЖҚЖ қызметкерлері әрі қарай зардап шеккендерге жаяу жетті.

Туристер шыңның жоғары жағынан табылды. Белгілі болғандай, туристер маршруттың соңғы нүктесіне жеткенде, ауа райы лезде нашарлап, аймақты тұман басып, найзағай ойнап, жол көрінбей қалған. Топты ертіп жүрген гидтің айтуынша, найзағай адамдарға жақын жерге түскендіктен, таулардың бірінде ауа райынан жасырыну туралы шешім қабылданды. Біраз уақыттан кейін ауа райы жақсара бастады, зардап шеккендер жартастар жыраларынан шығып, шыңға оралып, сол жерден РЖҚЖ құтқарушыларына геоақпарат жібереді, сол жерде РЖҚЖ құтқарушыларымен кездесті. Туристік топтың мүшелері қорқып қалған, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады.

РЖҚЖ құтқарушылары Шымбұлақ ауданындағы тұраққа дейін туристерді ертіп апарды.

«РЖҚЖ қызметкерлері жорыққа шықпас бұрын таулардағы ауа райы болжамымен міндетті түрде танысып, өзіңізбен бірге қосымша жылы киім алып жүруіңіз және ұялы телефоныңызға қосымша қуат көзін ұмытпауыңыз қажет екенін ескертеді. Мұндай қарапайым ережелер сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін»,- деп атап өтті Талғат Уәли.

Жоғары қарай