Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шылым шегетін қазақстандықтардың саны азайып келеді - министрлік

2022 жылдың 27 мамыр 2022 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, кейінгі кезде шылым шегетін қазақстандықтардың саны азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«2020 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс қабылданды. Бұл құжатта темекіге қарсы шараларды реттеу көзделген. Темекінің IQOS, Glo, вейп сияқты түрлерін кәдімгі шылымға теңестіру, темекіні бүкіл сауда орындарында көрнекі жерге шығарып қоюға тыйым салу, қоғамдық орында қорқор тартуға тыйым салу, насыбай сияқты «түтінсіз» шылымның айналымына тыйым салу, сондай-ақ темекі сатып алуға құқылы азаматтардың жасын 18-ден 21-ге көтеру бағытында нормалар қабылданды», - деп еске салды вице-министр.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар темекі өнімдерінің дәстүрлі түрін тұтыну көлемін қысқартқан.

«Қазақстандықтардың 70% шылым шегуге тыйым салу және темекі түтінінен азат орта құру бастамасын қолдайды. Ұлттық заңнаманың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы конвенцияларының аясында қабылдаған талаптарын орындау тиімді деп есептейміз. Оның ішінде «қыздырылатын» темекі де бар», - деді Марат Шоранов.

Бұған дейін елімізде жалпы темекінің акцизі өсетіні хабарланған еді.


Жоғары қарай