Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 5 бала суға кеткен

2021 жылдың 20 маусым 2021 01:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 5 бала суға батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су айдындарының жағалауларында балалардың ата-аналардың қарауынсыз қалуы қайғылы оқиғаға әкеп соғуы әбден мүмкін. Өңірде жыл басынан бері 5 бала суға кеткен.

Облыс құтқарушылары апта сайын жағажайларды қарауылдап, шомылуға тыйым салынған орындарға ерекше назар аударуда. Өскемен қаласының құтқарушылары қауіпті учаскелерді тексеріп жүріп су қоймаларының жағалауларында ересектердің қарауынсыз қалған 15 баланы тапты. Белгілі болғандай, олардың ата-аналары балаларының қайда жүргенін де білмеген. Департамент мамандары балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, осы учаскелерде шомылмауға, тек арнайы жабдықталған жағажайларды таңдауға кеңес берді.

«Балалардың көпшілігі жүзе алмайды. Көп жағдайда олар терең, ағысты қатты су айдындарына келіп шомылып жатады. Мұндай орындарда құтқарушылар бекеті жоқ. Егер біреу суға батса оған ешкім көмектесе алмайды», - деді Өскемен қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Дастан Ахметов.

Жоғары қарай