Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шығыс Қазақстанда жыл басталғалы бері 83 өрт болды

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 04:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 83 өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың басынан бері өңір аумағында 83 рет өрт болған. Соның ішіндегі 40-ы тұрғындардың отты абайсыз қолдануы салдарынан, 20-ы пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, 10-ы электр жабдығын талапқа сай қолданбаудан болса, 13 өрт көлікте шыққан.

«Жылыту маусымы басталғанда ТЖД мамандары халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 8172 отбасының үйлеріне барды. Өрттің алдын алу мақсатында жіті түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ «Қазмырыш» ЖШС-мен жасалған меморандум аясында 1500-ден астам үйге улы газды анықтайтын датчик орнатылды», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар үйлерге барып, азаматтарға пешті, электр құралдарын қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетті. Биыл 17 046 рет аралау жүргізіліп, соның нәтижесінде 26 925 адам қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырылған.








Жоғары қарай