Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда жел электр стансасына Абайдың аты берілмек

2020 жылдың 11 наурыз 2020 19:54

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақтоғай ауылында салынатын алғашқы жел электр стансасына ұлы ақынның аты беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шурманов мәлім етті.

«Жел электр стансасын қазақтың бас ақынының құрметіне «Абай 1» деп атауды жөн көрдік. Қазіргі уақытта нысан құрылысына қатысты бірқатар мәселелер шешілуде. Станцияны салатын компанияның тәжірибесі мол», - дейді ол.

Айта кетейік, бұл - ШҚО бойынша алғашқы жел электр станциясы болмақ.

Осыған дейін мұндай станцияларды Жарма және Ұлан аудандарында салу жоспарланған еді. Алайда белгілі бір себептермен іске аспай қалған.


Жоғары қарай