Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шығыс Қазақстанда тағы да қар көшкіні жүрді

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 16:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазселқорғау» РМҚК мамандарының мәлімдеуінше, ШҚО-дағы «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолында қар көшкіні жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 қаңтар күні кешкі уақытта қалың қар мен боранға байланысты «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолы жабылған. Түнде аталмыш тасжолдың 100-101 шақырымында 4 рет көшкін жүрді. Соның салдарынан 10500 текше метр жерді қар басқан. Осы кезде сол аумақта тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан «Облшығысжол» жұмысшылары бірден «Қазселқорғауға» хабарласып, мән-жайды баян еткен.

«Бұл жол учаскесінде көшкіннің алдын алу мақсатында 3 қарашадан бастап қар құлату жұмыстары жүргізілген. Бірақ соңғы аптада толассыз қар жауып, қатты боран соғып «Қазселқорғау» мамандарының жұмыстарына кедергі келтірген. 24 қаңтарда ауа райы қолайсыздық тудырмаса, «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» тасжолында көшкіннің алдын алу шаралары жоспарланған» деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, өңірде 26 қаңтарға дейін көшкін қаупі сақталады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрген болатын.


Жоғары қарай