Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда соғыс ардагерлеріне қанша теңгеден сыйақы беріледі

2021 жылдың 4 мамыр 2021 20:56

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда өңір бойынша Ұлы Отан соғысының 79 қатысушысы тұрады. Оларға Жеңіс күнінің 76 жылдығына орай 1 000 000 теңгеден берілмек.

Сондай-ақҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге облыстық және жергілікті бюджеттен бірреттік материалдық көмек қарастырылған.

«Қоршау кезінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар - 11 адам (әрбір қатысушыға төлем мөлшері – 100 мың теңге); Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 22 адам (әрбір қатысушыға төлем мөлшері – 100 мың теңге); Басқа некеге тұрмаған, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері), қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтардың әйелдері (күйеулері), мүгедек деп танылғандар – 531 адам (әрбір қатысушыға төлем мөлшері – 100 мың теңге)» делінген ШҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен қатар наградталған 320 тыл еңбеккеріне – 100 мың теңгеден, марапатталмаған 12 504 тыл еңбеккеріне – 42 500 теңгеден берілмек.

Айта кетейік, осы мақсатта бюджеттен жалпы мөлшері 705 млн теңге бөлінген.


Жоғары қарай