Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 24 адам суға кетті

2021 жылдың 26 шілде 2021 21:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері 24 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, демалушылардың назарын судағы қауіпсіздік мәселелеріне аудару үшін құтқарушылар Үржар аудандық жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп Алакөл жағалауында арнайы акция өткізген.

«Облыстың су айдындарында қаза болғандарды еске алу және демалушылардың назарын қауіпсіздік мәдениетіне аудару мақсатында аспанға 24 шар ұшырылды. «Қауіпсіз жағажай» акциясы аясында құтқарушылар мен еріктілер жұртшылыққа түсіндіру жұмысын жүргізіп, демалысын қалай қауіпсіз өткізу туралы жадынамалар таратты», - делінген хабарламада.

Жыл сайын Алакөлде 12 мыңға жуық адам демалады. Барлығы 180-нен астам демалыс орны бар.

«Қазіргі уақытта облыста шомылу маусымы басталғалы бері 24 адам суға батып кетті, оның бесеуі - бала. Құтқарушылар осындай қайғылы жағдайларға жол бермес үшін шомылуға тыйым салынған орындарды патрульдеп жүр. Сондай-ақ адам көп жиналатын жерлерде әлеуметтік роликтер мен су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін орналастырып, балалар лагерлерінде викториналар ұйымдастырды» делінген ведомство мәліметінде.


Жоғары қарай