Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда шекарада жабайы аңдардың мүйізін жинаған адам ұсталды

2020 жылдың 25 шілде 2020 16:18

ЗАЙСАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны дала жануарларының мүйізін рұқсатсыз жинағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік омитетіне сілтеме жасап.

23 шілдеде комитеттің шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті әскери қызметшілері табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп, Бұланбай мекенінде, шекара белдеуінде дала жануарларының мүйізін заңсыз жинаған ҚР азаматын ұстады.

Бұл жағдайда Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 370-бабы, 3-тармағы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Тәркіленген мүйіздің жалпы салмағы - 10 кг.

Материалдар тергеу тәртібі бойынша Зайсан ауданының табиғатты қорғау полициясына берілді.


Жоғары қарай