Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шығыс Қазақстанда рөлге ие бола алмаған әйел көлігін аударып алды

2020 жылдың 13 шілде 2020 19:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Көлігін басқара алмаған жас әйел жол-көлік апатына түсіп, көлік жыраға құлаған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 шілде күні «Өскемен – Рахман қайнары» бағытындағы тасжолда «Lexus RX 300» көлігін жүргізіп келе жатқан 35 жастағы әйел облыс орталығынан 88 шақырым жерде, Жаңа Бұқтырма ауылына бұрылыста көлігін басқара алмай, жыраға құлап кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік иесі және 35 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Алтай қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Екінші – 33 жастағы жолаушыны медицина қызметкерлері тексеріп, үйіне жіберді.

Осы факті негізінде ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жоғары қарай