Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда коронавирустың өршуіне не себеп

2020 жылдың 30 қазан 2020 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында коронавирус індетінің өршуіне өңірдегі көші-қонның жоғары болуы ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі проблеманың бірқатар объективті себебі бар. Соның бірі - халықтың көші-қон қабілетінің жоғары болуы. Көршілес мемлекеттердің шекаралас аудандарында өте қолайсыз жағдай қалыптасып, науқастану деңгейі жоғары болып тұр. Соның салдарынан халықтың көшіп-қонуы кезінде сырттан келетін жағдай жиі болуда», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігі өңірдегі мәселелерді зерделеу үшін комиссия жібергенін, бірқатар проблема анықталғанын айтты.

Әсіресе жекеменшік зертханалар жұмысында кемшілік бар екендігін атап өтті.

«Хабарлау 3-5 тәулікке дейін кешігіп жетізілген. Соның салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іс-шараларды кешеуілдетіп жүргізген. Карантин шараларын асыра пайдалану фактілері де анықталып жатыр. Қоғамдық көліктегі жолаушылардың 50 пайызына дейін маскасыз жүріп, арақашықтықты сақтамаған», - деді Ерлан Қиясов.


Жоғары қарай