Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеулер күшейтілді

2021 жылдың 24 шілде 2021 15:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер қатаңдатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 18 шілдедегі №10 қаулысына өзгерістер енгізілді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан «қызыл» аймаққа кірген.

«Өңірдегі барлық қала, аудандардағы объектілер өз қызметін «қызыл» аймақтың талаптары бойынша жүзеге асыратын болады. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, қалааралық, облысаралық, қалалық автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктердің қызметі тоқтатыла тұрады. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің, «Ashyq» жобасына қосылмаған қоғамдық тамақтану орындарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармонияның, компьютерлік клубтардың, боулинг, бильярд, караоке залдарының және көрмелердің қызметіне тыйым салынады», - делінген құжатта.

Сондай-ақ жаңа жобаға қатыспайтын ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес тауарларды сататын объектілер, ашық базарлар, жәрмеңкелер, білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балалар даму орталықтары сенбі-жексенбі күндері жабық болады.

Жұмыс күндері «Ashyq» жобасымен қосылған фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер келушілерді сағат 20-00 дейін қабылдайды
Жоғары қарай