Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

2021 жылдың 26 қараша 2021 11:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі жаңбыр мен қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі туындап отыр.

«26-30 қараша аралығында облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы 20 тасжол учаскесінде қар көшкіні қаупі жоғары екендігін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай