Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 16:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолын қар көшкіні басып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 қаңтарда «Өскемен-Алтай» тасжолының 64-ші шақырымындағы 350 текше метр жерді қар көшкіні басқан. Осының салдарынан жол жартылай жабылып қалды. Қазіргі уақытта «Казақавтодор» ЖШС қар тазалау жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін құтқарушылар 20-26 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі бар екендігін ескерткен.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ, екпіні секундына 28 метрге дейінгі жел соғады деп күтілуде.


Жоғары қарай