Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда бір күнде 5 өрт шықты

2021 жылдың 26 қазан 2021 12:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 5 өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қазанда сағат 15.56-да Семей қаласындағы Байсалықов көшесі бойында «ВАЗ 21099» маркалы автокөлік өртенді.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатты пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болған.

Көп ұзамай жалпы ауданы 2 шаршы метрді құраған жалын ауыздықталды.

«Сол күні Бородулиха ауданында құтқарушылар жер үйдің ауласында 24 шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндірді. Шатырды, жазғы ас үй еденінің ағаш құрылымдарын шарпыған тілсіз жау – отты абайсыз қолданудан шыққан», - делінген ақпаратта.




Тарбағатай ауданы Торайғыр көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында 28 тонна шөп жанған. Сондай-ақ Бородулиха ауданында 9 тонна шөп өртенді.

Қызыл жалын 30 шаршы метр алаңдағы шаруашылық қора-жайға да жайылып кеткен.

«Семейдегі Көшімбаев көшесінде орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйде еден, жиһаз, жеке заттар, есік пен шатырды өрт шалды. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 50 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.








Жоғары қарай