Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шығыс Қазақстанда бір де бір жағажай шомылу маусымына дайын емес

2022 жылдың 19 мамыр 2022 21:56

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір де бір жағажай шомылу маусымына дайын емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында жаздың алғашқы айында суға түсу маусымы басталады.

Алайда әлі күнге дейін бір де бір жағажай маусымға дайын болмай тұр. Құтқарушылар қалалардағы су айдындарының түбіне барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Облыста халық тығыз орналасқан жерлерде 2 мыңнан астам су қоймасы бар. Шомылу орындарының талапқа сай келмеуі – судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себебіне екендігі белгілі. Өткен суға түсу маусымында 35 адам, оның ішінде 10 бала суға батып кетті», - делінген ақпаратта.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, аймақ бойынша жабдықталған 16 учаске бар. Оның 5-еуі Өскемен қаласында орналасқан.

Сонымен қатар құтқарушылар судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында жағажайларды қайықпен патрульдеуде.

Барлығы 1503 рейд ұйымдастырылып, 11 274 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да сел және лай көшкіні қаупі бар кезең басталғанын хабарлаған едік.








Жоғары қарай